Аризонадағы қоғамдық шарада қарулы адам оқ атып, алты адамның өмірін қиған шабуылда басынан жараланған АҚШ Конгресінің мүшесі Габриель Гиффордстің жағдайы ауыр.
40 жастағы Гиффордс ханым Тусон қаласында өз жақтастарымен кездесу өткізіп жатқан.
Бұл атыста қаза тапқандар арасында 9 жасар қыз бен федералдық судья да бар. Қарулы адамның оғынан олардан басқа 13 адам жараланды.
Полиция оқ атқан күдіктіні қолға түсіріп, тағы бір күдікті болуы мүмкін деп екінші адамды іздестіріп жатыр.
АҚШ президенті бұл атысты ауыр қайғылы жағдай деп атады.