Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылда 3 бейбіт тұрғын қаза тапты


Бүгін Ауғанстанда болған шабуылдардан үш бейбіт тұрғын мен екі бүлікші қаза тапты.

Францияның AFP ақпарат агенттігі аймақтағы басшылық өкілі Дауд Ахмадидің сөзіне сілтеме жасап, бірінші бомбалық шабуыл Хельманд провинциясының Маржа қаласында болып, екі жергілікті тұрғынның өмірін қиған деп хабарлады.

Үшінші бейбіт тұрғын Хост провинциясындағы көлік жарылысында қаза тапқан. Аймақтағы армия өкілі Расул Мохаммад Сафидің айтуынша, екі бүлікші жарылғыш заттар қоймақшы болып жатқанда өлтірілген.

Осыдан бір күн бұрын Қандағар провинциясында талибан жанкештісінің шабуылынан 17 кісі қаза болған.
XS
SM
MD
LG