Accessibility links

Косовоның 5 аймағында дауыс беру жүріп жатыр


Бүгін Косовоның бірқатар аймағында 100 мың адам дауыс беруге қатысады. Орталық сайлау комиссиясының өкілі хабарлағандай, елдің үш аймағында дауыс беру жаңадан өтеді. Ал екі өңірде жартылай дауыс беру болады.

Бұл аймақта желтоқсанның 12-сіндегі жалпы халықтық сайлау нәтижелері бұрмаланды деген соң қайта дауыс берулер өтіп жатыр.

Билік өкілдері "ақырғы дауыс берулер қазіргі премьер-министр Хашим Тачидің сайлауда жеңіске жеттік деген мәлімдемесін өзгерте қоймайды, дегенмен парламенттегі орындарды анықтайтын болады" деді.
XS
SM
MD
LG