Accessibility links

Хиллари Клинтон араб елдеріне сапарын бастайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Парсы шығанағындағы араб елдеріне 5 күндік сапарын бастайды. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріне, Оман мен Қатарға барады.

Хиллари Клинтон аймақ жетекшілерін Иранға ықпал етіп, Теһранның уран байыту жұмысын тоқтатуға көндіруге шақырмақшы.

Сондай-ақ Клинтон ханым АҚШ-тың қолдауындағы Ирақтың жаңа үкіметімен араб елдерінің ынтымақтастық орнатқанын қалайды.

Ол сонымен қатар парсы шығанағындағы араб елдерінен Израиль-Палестина бейбіт келіссөздерін қалпына келтіруге көмек сұрайды.
XS
SM
MD
LG