Accessibility links

Бангкокта үкіметке қарсы шеру өтті


Бүгін Таиланд астанасында мыңдаған адам шеруге шықты. Оппозиция жетекшілері 2011 жылы ай сайын екі рет осындай шара өткізуге уәделескен.

"Қызыл көйлектілер" деп аталатын 10 мыңдай адам Таиланд премьер-министрі Абхисит Веджажива үкіметіне қарсылық танытып, жолдарды жауып тастады.

Олар осыған дейін 69 күн бойы наразылық шарасын танытқан шерушілерге қарсы күш қолданылған жерде еске алу шарасын өткізді. Өткен жылдың наурыз- мамыр айларында Бангкоктағы шерушілер мен үкімет күштері қақтығысып, 92 адам қаза тапқан.

"Диктатураға қарсы Демократия үшін біріккен майдан" деп аталатын қызыл көйлектілер шерулерін жексенбі күні кешкісін аяқтауға сөз берген.

Бұл шерушілерге Таиландтың бұрынғы премьер-министрі Таксин Чинаватра қолдау танытады.
XS
SM
MD
LG