Accessibility links

Клинтон Шығыс Иерусалимдегі қонақ үйді бұзған Израильді сынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Шығыс Иерусалимдегі қонақ үйді бұзып тастаған Израиль үкіметін сынға алды.

Ол «Израильдің бұл әрекеті Таяу Шығыста бейбітшілік орнату ісіне кесірін тигізетінін» айтты.

Жексенбі күні Шығыс Иерусалимдегі 1930 жылдары салынған «Шеферд» қонақ үйін бұзып тастаған Израиль билігі оның орнына изральдықтар үшін жаңадан 20 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Палестиналықтар Шығыс Иерусалимді болашақта тәуелсіз Палестина мемлекетінің астанасы болады деп санайды.
XS
SM
MD
LG