Accessibility links

Иранда ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 70-тен асты


Иранның солтүстік-батысындағы Урмия қаласы маңында ұшақ апатынан қаза болғандар саны 72 адамға жетті, 33 кісі жараланған. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.

Жексенбі күні кешке апатқа ұшыраған «Иран Эйр» мемлекеттік әуе компаниясының Теһран-Урмия бағытындағы ұшағында 100-ден астам адам болған. Бұған дейінгі ақпаратта олардың 50-і тірі қалғаны туралы айтылған еді.

Алдын-ала болжам бойынша, ұшақ апатына қою тұман мен қалың қар себеп болған.
XS
SM
MD
LG