Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Қалжыр өзеніндегі су басу қаупі сейілді.
«Өзеннің басы мен төмен жағындағы су тоспалары тазартылып, өзен суы өз арнасына түсті», - деп хабарлады төтенше жағдайлар мекемесі.
Азаттық радиосы бұған дейін хабарланғандай, қаңтардың бас кезінде -40 градустық аязда Күршім ауданындағы Қалжыр өзеніндегі тоспада мұз қатып, соның салдарынан арнасынан асқан өзен суы егістікке жайылып, Жаңауыл елді мекеніндегі 10 шақты үйдің қора-қопсысын басып қалған.