Accessibility links

Иранда ұшақ апатынан қаза болғандар саны 77-ге жетті


Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері хабарлағандай, жексенбі күні елдің солтүстік-батысында құлаған жолаушылар ұшағындағы 77 адам қаза тауып, 26 адам жараланды. Тағы бір жолаушы табылмай жатыр.

Иран ұлттық әуе жолдары компаниясының "Боинг-727" ұшағының апатқа ұшырауына ауа-райы себеп болған деп болжайды.

Урмия қаласына жақын маңда құлаған ұшақ үшке бөлініп, қалың қарға батып қалған деп хабарлады оқиға орнынан.
XS
SM
MD
LG