Accessibility links

Клинтон: Иранға салынған санкциялар бұл елді қиындыққа душар етті


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон "Иранға қарсы халықаралық санкциялар Теһранның ядролық мақсатына жетуіне көп қиындық тудырды" деді.

Абу-Дабиде іссапармен жүрген Хиллари Клинтон "санкциялардың Тегеранға әсері болды, енді Иран технологиялық қиындық көріп, ядролық мақсатына жете алмай отыр" деп мәлімдеді.

Ол Иран ядролық қару жасайтын болса, әлем елдері оған қысымын күшейте беруі керек деген пікірін де айтты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Біріккен Араб Әмірліктері, Оман мен Қатарда бескүндік сапармен жүр.
XS
SM
MD
LG