Accessibility links

Абақтыға жабылған Борис Немцов еуропалық сотқа шағымданды


Ресей оппозициясының жетекшісі Борис Немцов өзін қамауға алған Мәскеу полициясының үстінен Еуропалық сотқа шағым түсірген.

Немцовтың адвокаты Ольга Михаилова дүйсенбі күні «Эхо Москвы» радиосына берген сұқбатында, Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа құжаттарын жолдағанын айтқан.

Бұрынғы вице-премьер Борис Немцов Жаңа жыл қарсаңында оппозицияның рұқсат етілмеген шеруіне қатысты деп қамалды. Өткен аптада Мәскеу соты оны 15 тәулікке абақтыға жапқан.
XS
SM
MD
LG