Accessibility links

Аризонадағы атысқа қатысты күдіктінің соты өтеді


Бүгін Аризона штатында алты адамның өмірін қиып, АҚШ конгресінің мүшесін қастандықпен өлтірмек болды деген күдіктінің соты басталады.

22 жастағы Джеред Ли Лафнер бүгін бірінші рет Феникс қаласындағы сотта көрінбек. Оған сенбі күні Тусон қаласында бір топ адамға қарсы қастандықпен оқ атқан деген күдікпен бес бірдей қылмыстық айып тағылды.

Осы атыста басынан жараланған АҚШ Конгресінің мүшесі Габриель Гиффордс хал үстінде жатыр. Қаза тапқан алты адамның арасында 9 жасар қыз бен федеральдық судья бар. Қарулы адамның оғынан тағы 13 адам жараланды.

АҚШ шабуылда құрбан болғандардың рухына тағзым етіп, бір сағаттан соң бір минут үнсіздік жариялайды. Барак Обама бұл атысты бүкіл ел үшін қайғылы жағдай деп атады.
XS
SM
MD
LG