Accessibility links

Қырғызстан толқуларға байланысты жергілікті өзбек басшыларын айыптады


Өткен жылы Қырғызстанның оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектер арасында болған қақтығыстарды тергеген комиссия жергілікті өзбек қауымдастығының жетекшілері мен бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің туыстарын кінәлады.

Комиссия басшысы Әбдіғани Еркебаев өткен жылғы толқуларға байланысты негізінен елдегі өзбек дисапорасы жетекшілерінің бірі бұрынғы депутат Қадыржан Батыровты айыптап отыр. Еркебаевтың айтуынша, тергеу нәтижесінде бірнеше ресейлік және өзбек азаматтары қамауға алынған.

Сонымен қатар Еркебаев уақытша үкімет қауіпсіздік қызметтерінің "зорлық-зомбылық әрекеттері бұрқ ете қалуы мүмкін" деген ескертулерін елемеген дейді.

2010 жылдың маусым айында Ош пен Жалал-Абадта қырғыз және өзбек азаматтары арасындағы этникалық қақтығыстарда 400-ден астам адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG