Accessibility links

Беларусьте шеруге қатысты 31 адам айыпталды


Беларусь билік орындары 31 адамды желтоқсан айындағы президент сайлауынан кейін наразылық шарасын ұйымдастырды деп айыптады. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, полиция желтоқсанның 19-ында болған жаппай тәртіпсіздіктерге 120 адамның белсене қатысқанын анықтаған.

Беларусьтегі даулы сайлауда президент Александр Лукашенко қайта сайланған болатын. Бұған наразылық танытып шеруге шыққан 600-ге жуық адам қамауға алынды. Билік орындары жүздеген адамды босатты. Бірақ елдегі танымал оппозициялық белсенділер, журналистер және сайлауға үміткер ретінде түскен 4 адам әлі абақтыда отыр.
XS
SM
MD
LG