Accessibility links

Ресей Польша ұшағының апатына қатысты баяндамасын тапсырды


Ресей тергеушілері сәуір айында Польша президенті Лех Качиньскийдің өмірін қиған ұшақ апатына қатысты қорытынды баяндамасын бүгін Польшаға тапсырды. Бұрынғы Совет республикалары арасындағы Мемлекетаралық авиация комитетінің айтуынша, баяндама Мәскеудегі Польша елшілігіне берілген.

2010 жылдың 10 сәуірінде Смоленск қаласы жанында болған ұшақ апатынан президент Качиньскиймен бірге 95 адам қаза тапты. Алғашында Мәскеудің ынтымақтастығын мадақтаған Польша премьер-министрі Дональд Туск кейіннен Ресей тергеу ісінің бастапқы қорытындысында қателіктер бар екенін айтып, оны "қабылдауға келмейді" деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG