Accessibility links

АҚШ вице-президенті Пәкістанға барды


АҚШ вице-президенті Джо Байден бүгін Пәкістанға барды. Бұл сапар жөнінде алдын-ала хабарланбаған болатын.

Вашингтон исламшыл экстремизмге қарсы күресті күшейтуді көздейді. Президент Асиф Али Зардаримен кездесуі барысында Байден Исламабадты "Талибан" мен "Әл-Қаида" бүлікшілеріне қарсы әскери әрекеттерін күшейтуге шақырмақшы.

Пәкістаннан бұрын Ауғанстанға соққан АҚШ вице-президенті "бүлікшілерді бақылау үшін Исламабадтан көбірек көмек қажет" деген еді.
XS
SM
MD
LG