Accessibility links

Украина соғыстағы ұлтшыл тұлғасын қаһарман мәртебесінен айырды


Украина Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұлтшыл тұлғасы Степан Бандераны ресми түрде қаһарман мәртебесінен айырды. Бүгін президент Виктор Януковичтің кеңсесі таратқан мәлімдемеге сәйкес, сот Бандераға берілген мәртебенің заңды күшін жою жөнінде шешім шығарған.

Бұрынғы президент Виктор Ющенко өткен жылы қаңтардың 22-сінде Украинаның бірігу күніндегі салтанатты шараларда Бандераға "Украина қаһарманы" атағын берген болатын. Бұл қадамды Ресей, Польша және Адам құқықтары бойынша еврейлер тобы сынады. Simon Wiesenthal орталығының мәліметінше, Бандера мыңдаған еврейдің өліміне жауапты.

Степан Бандера - соғыс кезінде Германия мен Совет әскерилеріне қарсы Украинаның ұлтшыл күштерін басқарған. Бірақ кейбір тарихшылардың айтуынша, Бандера нацистер жағына шығып, Совет үкіметімен күрескен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG