Accessibility links

Тәжікстан Қытайға жер беруге келісті


Тәжікстан өз жерінің бір бөлігін көршілес Қытайға беруге келісті. Бұл қадам бір ғасырдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан жер дауын аяқтау үшін жасалып отыр.

Сәрсенбі күні парламент Памир таулары аймағындағы 1000 шаршы шақырым жерден бас тартуды қолдап дауыс берді. Қытайға берілетін жерде нақты қанша адамның тұрып жатқаны әзірше белгісіз.

Оппозиция жетекшісі Мухиддин Кабиридің айтуынша, аталмыш жердің берілуі Конституцияға қайшы және ол тәжік дипломатиясының жеңілгендігін білдіреді. Алайда сыртқы істер министрі Хамрокон Зарифи оны жеңіс деп атады. Министрдің айтуынша, Қытай басында 28 мың шаршы шақырым жер беруді талап етіпті.
XS
SM
MD
LG