Accessibility links

Қазақстандық «Свобода слова» газетінің бас редакторы ауысты


Қазақстанда орыс тілінде шығатын апталық «Свобода слова» газетінің басшылығына осы редакцияға жаңадан келген Евгений Рақымжанов тағайындалды. Азаттық радиосына бұл туралы ақпаратты аталмыш газеттің бас редакторының орынбасары Расул Шыбынтай растады.

Басылымның бүгінгі санында бас редактор ретінде Евгений Рақымжановтың аты-жөні көрсетілген.

Жеке меншіктегі «Свобода слова» газетін алғашқы саны жарық көрген 2005 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін журналист Гүлжан Ерғалиева басқарып келген.
XS
SM
MD
LG