"Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының белсенділері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын егер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізілсе, Қазақстан берген "Достық" орденінен бас тартуға шақырды.
Аталмыш қор өз үндеуін бейсенбі күні Алматыдағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы орталығының қызметкеріне тапсырды. Белсенділер Марк Перен де Бришамбо Назарбаевтан Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауын талап етуі тиіс дейді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Астанада ЕҚЫҰ саммиті өткен соң Қазақстан Марк Перен де Бришамбоны "Достық" орденімен марапаттаған болатын.