Accessibility links

Сот референдумға қарсы болғандарға шешім шығарды


Референдумға қарсылық білдірген «Рух пен тіл» пікірталас клубының мүшелеріне 20 есептік айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Қаңтардың 13-інде Алматы қалалық әкімшілік соты осындай шешім шығарды.

Шешім Назарбаевтың президенттік өкілетін ұзарту жөніндегі референдум өткізуге қарсылық білдірген бес адамға қатысты қабылданды. Ал тағы бір адам әлі кәмелетке толмағандықтан, оған қатысты сот шешімін шығару ертеңге қалды.

Қаңтардың 11-інде Алматыдағы «Нұр Отан» партиясы кеңсесінің алдында «Рух пен тіл» пікірталас клубының Инга Иманбай бастаған мүшелері «Демократияны жерлеу» акциясын өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG