Accessibility links

Хоугланд АҚШ пен Қазақстан қатынастары туралы пікір білдірді


Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан АҚШ елшісі Ричард Хоугланд екі ел қарым-қатынастары туралы пікірін білдірді. Хоугландың соңғы мәлімдемесінің мәтінін бейсенбі күні АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі таратты.

Дипломаттың айтуынша, АҚШ әрдайым жеңіл қарым-қатынас жасайтын серіктес бола бермейді, сонымен қатар ол талап қойғыш та болады.

"2008 жылдың қыркүйек айында Вашингтондағы ант беру рәсімінде айтқанымдай, әлбетте біз ортақ пікірде болмауымыз мүмкін бірақ біз әрдайым бір-бірімізді өзара құрметпен тыңдауымыз керек", - дейді Хоугланд.
XS
SM
MD
LG