Accessibility links

Парламент Конституцияға Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы өзгеріс енгізуді ұйғарды


Жұма күні Астанада сенат пен мәжілістің бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан Конституциясына ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін республикалық референдум арқылы ұзарту және «Елбасы» ұғымы туралы өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді. Бұл туралы парламенттен Азаттық тілшісі хабарлады.

Бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілетін ұзарту жөніндегі парламент ұсынысын қабылдамай, арнайы жарлық шығарған.

Бірақ Қазақстанның «Республикалық референдум туралы» заңына сәйкес, парламент Конституцияға өзгеріс енгізу туралы заң қабылдаса, президент оған қол қойып, республикалық референдумға шығарады.
XS
SM
MD
LG