Accessibility links

Пәкістанда НАТО-ның 14 танкері өртелді


Пәкістанның оңтүстік-батысындағы қаруланған адамдар Ауғанстандағы НАТО күштеріне арналған 14 танкерді өртеді.

Жергілікті әкімшіліктің ресми өкілі Фаттеһ Мохаммедтің айтуынша, Балучистан өлкесінің Дера Мурад Жамали аймағындағы шабуыл барысында бір жүргізуші жарақат алған.

Пәкістанда исламшыл бүлікшілер мен қылмыскерлер НАТО көліктеріне жиі шабуылдайды.
XS
SM
MD
LG