Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 6 бейбіт тұрғын қаза болды


Ауғанстанның оңтүстігіндегі жол бойына қойылған бомбаға миниавтобус түсіп, жарылыстан алты бейбіт жолаушы құрбан болды.

Хельманд провинциясының өкілі хабарлағандай, бұл оқиғадан қаза тапқандар әйелдер мен балалар болып отыр. Тағы үш жолаушы жараланған.

Сонымен қатар Вардак провинциясында сенбі күні НАТО мен ауған күштері екі бүлікшіні өлтіріп, екеуін қамауға алған.
XS
SM
MD
LG