Accessibility links

Иран шетелдіктерге ядролық нысандарын аралатты


Жексенбі күні шетелдік дипломаттар Иранның БҰҰ-ның санкциясына қарамастан, уран байытып жатқан Натанз қаласындағы ядролық нысандарын аралап көрді.

Сенбі күні дипломаттар Иранның Арак қаласындағы ауыр су құрылымын көрген. Шетелдіктердің Иран нысандарын аралауы – алдағы аптада Стамбулда өтетін әлемнің алты елі мен Теһранның келіссөздері қарсаңында болып отыр.

Иран уран байыту жұмысын тоқтатудан бас тартқаны үшін БҰҰ-ның төрт мәрте санкциясына тап болған.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді. Теһран ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтумен келеді.
XS
SM
MD
LG