Accessibility links

«Хезболла» Харириді қолдамайтынын мәлімдеді


Ливанның жаңа үкіметін жасақтау ісінде Саад Харириге осы елдегі «Хезболла» шиитік тобы қолдау танытпайды.

Бұл туралы жексенбі күні «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралла шейх мәлімдеді. Үкіметтің жаңа құрамы туралы келіссөздер бүгін басталуы тиіс.

Өткен аптада «Хезболла» үкіметті БҰҰ халықаралық трибуналының қорытындысымен келіспеуге шақырып, оның соңы үкіметтегі саяси дағдарысқа алып келді.

Халықаралық трибунал қорытындысында қазіргі үкімет жетекшісі Саад Хариридің әкесі, Ливанның экс-премьері Рафик Харириді 2005 жылы қастандықпен өлтіруге «Хезболла» ұйымының қатысы бар екені айтылған.

Ал «Хезболла» жетекшісі жексенбі күнгі сөзінде Рафик Хариридің ажалына тағы да Израильді айыптады.
XS
SM
MD
LG