Accessibility links

Израиль қорғаныс министрі "Еңбек партиясынан" кететінін айтты


Бүгін Израиль қорғаныс министрі Эхуд Барак өзі 2007 жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан "Еңбек партиясынан" шығатынын хабарлады.

Эхуд Барак "Тәуелсіздік" деп аталатын жаңа партия құрып жатқанын айтты. "Еңбек партиясы" премьер-министр Бинямин Нетаньяхудің одақтас үкіметіндегі үшінші үлкен партия болатын.

Израиль радиосының хабарлауынша, Нетаньяху "бұл қадам коалицияға тұрақтылық әкелуі мүмкін" дейді.

Осыған дейін "Еңбек партиясының" жетекші мүшелері палестиналықтармен бейбіт келіссөздерде прогресс жасай алмай жатқан Нетаньяху үкіметінен бөлініп кетуге шақырған.
XS
SM
MD
LG