Accessibility links

Бүгін Ху Цзиньтаоның АҚШ-қа сапары басталады


Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао бүгін Вашингтонға сапармен барады.

Ол АҚШ президенті Барак Обамамен кездесіп, екіжақты қатынастарды, экономика мәселелерін, атап айтқанда қытай валютасының әлемдік базардағы жағдайын талқыламақшы.

Қытай өз валютасы - юанның бағамын әдейі арзан етіп ұстап отыр деп санайды Вашингтон.

Ху Цзиньтао сапарының қарсаңында АҚШ-тың бір топ сенаторы Конгресті Қытайдың жүргізіп отырған экономикалық саясатының АҚШ-қа зардабын азайту мақсатында арнайы заң қабылдауға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG