«Уикиликс» сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассандж швейцарлық банктегі құпия есеп-шоттар туралы өзіне берілген ақпаратты тексергеннен кейін оларды жариялауға уәде берді.
Бұл деректерді оған швейцариялық «Джулиус Байер» банкінің бұрынғы қызметкері Рудольф Элмер дүйсенбі күні Лондонда көпшіліктің көзінше тапсырған еді. Элмердің айтуынша, ол құжаттарда әлемге танымал тұлғалардың, ірі бизнесмендер мен саясаткерлердің салықтан жалтарып жасырған ақшалары туралы ақпарат бар.
Бұған дейін де, 2007 жылы «Уикиликс» сайтына құпия деректерді берген Рудольф Элмерге банк құпиясын жариялағаны үшін айып тағылған. Ол сәрсенбі күні Цюрихте сот алдында жауап бермек.