Accessibility links

АҚШ Хариридің ісі бойынша БҰҰ трибуналының қортындысын құптады


АҚШ президенті Барак Обама 2005 жылы қастандық құрбаны болған Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Хариридің өлімін зерттеген БҰҰ трибуналының алғашқы айыптау қортындысын құптады.

Обама трибуналдың жұмысы Ливандағы «адам өлтіргендер жауаптан сытылып кететін кезеңді» келмеске кетіріп, бұл елде құқық тәртібін нығайтуға үлес қосатынын айтты.

БҰҰ трибуналы құжатының толық мазмұны әзірге жарияланбағандықтан кімдерге айып тағылғаны белгісіз. Сарапшылар трибунал Рафик Харириді қастандықпен өлтіруге «Хезболла» шиитік тобының қатысы бары туралы байлам жасаған деген болжам айтып отыр.

БҰҰ халықаралық трибуналының қорытындысына наразылық ретінде өткен аптада Ливан үкіметі құрамынан шыққан «Хезболла» Рафик Хариридің ажалына Израильді айыптайды.
XS
SM
MD
LG