Accessibility links

Стив Джобстың демалысқа кетуі «Apple» акциясының бағасына әсер етті


Америкалық «Apple» компаниясының басшысы Стив Джобстың уақытша демалысқа шығатыны жайлы хабардан соң компанияның Еуропа қаржы базарындағы акцияларының құны 8 пайызға дейін арзандап кеткені туралы «Еуроньюс» телеарнасы хабарлады.

Әлемдегі компьютерлік алыптардың бірі саналатын «Apple» компаниясының негізін қалаған әрі оның басшысы Стив Джобс денсаулық жағдайына байланысты уақытша демалыс алатынын, өзі қайтып келгенше күнделікті шаруалармен Тим Кук айналысатынын қызметкерлеріне ескерткен.

2004 жылы дәрігерлер ұйқы безінің рагына шалдыққаны туралы диагноз қойған Стив Джобс осыдан екі жыл бұрын операция жасатып, бауырын ауыстыртқан. Сол кезде де компания акцияларының құны қаржы базарында төмендеп, кейін қайта қымбаттаған еді.
XS
SM
MD
LG