Accessibility links

Пәкістан талибандары ұры деген айыппен 4 адамды өлтірді


Пәкістан полициясының хабарлауынша, елдің солтүстік-батысындағы талибан жауынгерлері биліктің іздеуіндегі 4 адамды ұрлық жасады деген күдікпен атып тастаған.

Полиция өкілі Ислам уд-Дин "олардың мәйіті сейсенбі күні Хангу ауданындағы жолдан табылды" деді. Атын атамаған біреу "олар ұрлық жасаған кінәларын мойындады" деген.

Пәкістан талибандары жұртшылықтың қолдауына ие болу үшін қылмыс жасаған деген күдіктілерді осылай жиі жазалап келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG