Accessibility links

Израиль Сребреница қырғыны бойынша іздеуде болған адамды ұстады


Израиль билігі 1995 жылы Сребреницада босниялық мұсылмандарды қырған деген күдікпен іздеуде жүрген босниялық сербті қамауға алғандарын айтты.

Израилдің Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні полиция босниялық серб Александер Цветковичті ұстады деді. Цветкович Босния үкіметінің оны экстрадициялау жөніндегі өтінішінен кейін қамалды.

Ол 1995 жылы шілдеде босниялық серб әскерлерінің 8 мың мұсылманды өлтірген жазалаушы топтың ішінде болды деген айыппен іздеуде болған.

Цветкович Израилге бала-шағасымен 2006 жылы көшіп кеткен. Әйелі еврей болғандықтан, ол Израиль заңы бойынша осы елдің азаматтығын алған.
XS
SM
MD
LG