Accessibility links

Медведев: Мәскеу тәуелсіз Палестина мемлекетін 1988 жылы мойындаған


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев "Мәскеу тәуелсіз Палестина мемлекетін 1988 жылы мойындаған және бұл ұстанымын өзгерткен жоқ" деді.

Медведев мұны Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Иерихо қаласында Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездескен соң мәлімдеді.

Ресей президенті "еврей қоныстарын тұрғызу жөнінде Израилдің шешімі саналы түрде болмаса, Израиль-Палестина арасындағы бейбіт келіссөздерде прогресс болмайды" деді.

Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауында еврей баспаналарын тұрғызуға салынған тыйымды алып тастаған соң, Палестина жағы тікелей келіссөздерден бас тартып, АҚШ-тың арағайындығымен басталған бейбіт келіссөздер тоқтап қалған.

Таяу Шығыс квартетіндегі бейбіт мәмілегерлердің бірі Ресей аймақтағы дипломатиялық рөлін күшейтуді көздейді.

Израиль-Палестина арасындағы бейбіт келіссөздерге БҰҰ, Еуропа Одағы мен АҚШ арағайындық жасап келеді.

Медведев сәрсенбі күні Иордания патшасы Абдулламен кездеседі.
XS
SM
MD
LG