Accessibility links

Алжирде бір аптада алты адам өздерін өртеді


Тунисте ел президентін биліктен кетіруге түрткі болған өзін-өзі өртеу акциясынан кейін бірқатар мұсылман елдерінде наразылық ретінде өзіне өрт қою оқиғасы жиі қайталанып жатыр.

Тунистегі оқиғадан кейін Алжирде бір аптаның ішінде 6 адам өзін-өзі өртеді. Елдегі жұмыссыздық пен қымбатшылыққа наразы осы шарасыздық акциялары үнемі ел алында жасалады.

Тунисте 26 жастағы жігіт жұмыссыздыққа налып, өзін-өзі өртеген соң елде жаппай наразылық күшейген. Оның ақыры Тунисті 23 жыл басқарған Зин әл-Абидин бен Алиді биліктен кетірді.

Дәл осындай жанкештілік акциялар сейсенбі күні Мысырда да болып, екі күн ішінде үш адам өзін-өзі өртеп жіберді.
XS
SM
MD
LG