Accessibility links

Гаитидің экс-диктаторына қарсы төрт адамнан шағым түсті


Гаитиде төрт адам бұрынғы диктаторы Жан-Клод Дювальеге қарсы шағым түсіріп, оны «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деп айыптап отыр. Шағым бергендердің арасында бұрынғы БҰҰ бас хатшысының баспасөз хатшысы, журналист әрі қоғам қайраткері Мишель Монтас бар.

Бұған дейін Гаити билігі Дьювальеге ол билік құрған 1971-1986 жылдар аралығында коррупциялық іс-әрекеттер жасаған деген айыптар таққан. Қазір экс-диктатор жатқан Порто-о-Пренс қаласындағы қонақ үйді полицейлер қоршап тұр.

Ел аузында Бэби Док аталып кеткен Жан-Клод Дювалье жексенбі күні күтпеген жерден Отанына қайтып барды. Ол 25 жыл бұрын шетелге қашып кеткен еді.

Сәрсенбі күні Гаитидің тағы бір бұрынғы билеушісі – Жан-Бертран Аристид да Отанына оралмақ ниеті барын мәлімдеді. Ол 2004 жылы елден қуылып, Оңтүстік Африка Республикасына барып паналаған.
XS
SM
MD
LG