Accessibility links

Республикашылар денсаулық сақтау саласындағы реформаға қарсы дауыс берді


АҚШ Конгресінің өкілдер палатасында басым дауысқа ие республикашыл партия елдегі денсаулық саласындағы реформаның күшін жоюды жақтап дауыс берді.

АҚШ президенті Барак Обаманың ынтасымен былтыр Конгресс қабылдаған бұл реформа бойынша 30 миллионнан астам адамды медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету көзделген.

Соңғы сайлауда өкілдер палатасында көпшілік орынды иемденген республикашылар партиясы бұны жеке өмірге араласу деп бағалап, көп қаржы кететінін алға тартып отыр.

Бірақ бақылаушылар өкілдер палатасының бұл шешімін сенат өткізбейтінін айтады. Сенатта демократтар басым.
XS
SM
MD
LG