Accessibility links

Беларусьте президентке үміткерлердің бірі тұтқындалды


Беларусьте президент тағына үміткер болған саясаткер Иван Куликов тұтқындалды.

Минскінің Завадский ауданы прокуратурасының хабарлауынша, Куликов «ұрлық істеді» және «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген күдікке ілініп отыр. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Иван Куликов – «Сосны» энергетикалық және ядролық зерттеулер институтындағы ядролық энергетикалық қондырғылар жабдықтары зертханасының меңгерушісі – дүйсенбі күні ұсталып, тергеуге алыныпты.

Ол Беларусьтегі 2010 жылғы президент сайлауына түспек болып, қол жинау барысында үміткерліктен бас тартқан.
XS
SM
MD
LG