Accessibility links

Бакуге совет әскерінің кіргеніне - 21 жыл


Бүгін - Әзербайжанда қаралы күн. Бейбіт халыққа қырғын салған совет әскерінің Бакуге кіргеніне осы бейсенбіде 21 жыл болды.

1990 жылы 20 қаңтардың түнінде Бакуге бірнеше мың жауынгері бар әскери бөлім кірген еді. Сол әскери операцияның салдарынан 134 адам қаза болып, 700-ден астам кісі жараланған.

Әскер Әзербайжанның коммунистік үстемдігін құтқаруға, ұлт-азаттық қозғалысты басуға жұмылдырылды. Әскер кірген сәтте Баку мен облыс-аймақтар оппозициялық Халық майданының бақылауына болатын.

Әскер кіргізуге 13-17 қаңтар күндері болған «армян қырғынын» тоқтату сылтау болды. Алайда әскер кірген кезде тәртіпсіздік тыйылып, армян тұрғындары негізінен көшірілген еді.

Бейсенбі күні ондаған мың адам құрбандарға тағзым ету үшін Қаһармандар гүлзарына ағылды. Еске алу рәсіміне Әзербайжан басшылығы мен шетелдік дипломаттар қатысты.
XS
SM
MD
LG