Accessibility links

АҚШ сенаторлары Лукашенкоға қарсы бірігуге шақырды


АҚШ-тың бірнеше сенаторы Еуропа Одағын Беларусь билігінің саяси оппозицияны қудалау науқанына қарсы бірлескен іс-қимылға шақырды.

АҚШ-тың 6 сенаторы қол қойып, ЕуроОдақтың сыртқы саясат бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон ханымға жолданған хатта осылай делінген.

Мәтіні Азаттық радиосына келіп түскен хатта беларусь президенті Александр Лукашенко мен өзге де шенеунектерге, мемлекеттік «Белнефтехим» компаниясына қарсы жазалау шарасы – санкцияны қайта жалғастыру қажеттігі баса айтылады.

Сенаторлар, сонымен қатар, Беларусьтің азаматтық және адам құқын қорғау ұйымдарын қолдауды күшейтуге үндейді.
XS
SM
MD
LG