Гаитидің заң орындары бұрынғы диктатор Жан-Клод Дювальенің елден шығуына тыйым салды.
Сот өкілінің айтуынша, бұның себебі - экс-диктаторға өзі билік құрған 1971-1986 жылдар аралығында коррупциялық іс-әрекеттер жасаған деген айыптар тағылған. Бұған қоса Гаитиде төрт адам бұрынғы диктатор Жан-Клод Дювальеге қарсы шағым түсіріп, оны «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деп айыптап отыр. Шағым бергендердің арасында БҰҰ бас хатшысының бұрынғы баспасөз хатшысы, журналист әрі қоғам қайраткері Мишель Монтас бар.
Полицияның сұрақтарына жауап берген экс-диктатор әзір бостандықта жүр. Ол жатқан Порто-о-Пренс қаласындағы қонақ үйді полицейлер қоршап тұр.
Ел аузында Бэби Док аталып кеткен Жан-Клод Дювалье жексенбі күні күтпеген жерден Отанына қайтып барды. Ол 25 жыл бұрын шетелге қашып кеткен еді.