Accessibility links

Үкіметтік емес ұйымдар Жовтистің халіне алаңдайды


Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың «Қазақстан-ЕҚЫҰ 2010» коалициясы қоныс-колониясында жазасын өтеп жатқан құқық қорғаушы Евгений Жовтистің құқы қайта-қайта бұзылуына қатты алаңдайтынын мәлімдеді.

2011 жылдың 18 қаңтарында Жовтистің өзін шартты түрде босату туралы өтінішін қараған комиссия өтінішті қанағаттандырмады.

Соған байланысты Коалиция бұл шешімді не қылмыстық-атқару заңына, не шартты түрде босату тәртібінің қалыптасқан тәжірибесіне сай келмейді деп есептейді.

Коалиция комиссияның «Жовтис түзелу жолына түспеді» деп санауын еш негізсіз және оның құқын бұзуға оның адам құқын қорғайтын қызметі мен белсенді азаматтық көзқарасы себеп болды деп есептейтінін мәлімдейді.

Үкіметтік емес ұйымдардың коалициясы Бас прокуратура мен Әділет министрлігін Жовтистің шартты түрде бостандыққа шығу құқын қамтамасыз етуге шақырады.

Коалиция – Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуінің алдында демократияны дамыту туралы осы ұйым алдындағы міндеттемелерін орындату үшін 2008 жылы құрылды.
XS
SM
MD
LG