Accessibility links

Ауғанстанның шығысында 10 бүлікші өлтірілді


Ауғанстанның Хост провинциясында қарулы күштер мен бүлікшілер арасында болған қақтығыстан 10 содырмен қоса тағы бір бейбіт тұрғын қаза тапты.

Аймақтың полиция басшысы Абдул Хаким Ишахзияның айтуынша, бүгін таңертең басталған шайқас бірнеше сағатқа созылған.

Оның алдында бүлікшілер ауған мен НАТО күштеріне қарсы зымыранмен оқ атқан. Полиция өкілі тағы 12 бүлікшінің қамауға алынғанын айтты.

Қақтығыс кезіндегі шабуылдаушылар жарылысынан бір тұрғын қаза тауып, әйелі мен баласы жараланған.
XS
SM
MD
LG