Accessibility links

Ирақтағы шабуылдан 6 адам опат болды


Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Ирақтың Кербала қаласында шиит зияратшыларына жасалған бомба шабуылынан 6 адам қаза тауып, ондаған кісі жарақат алған. Жергілікті полиция мен аурухана өкілдерінің айтуынша, бомба зияратшыларды шииттердің қасиетті жеріне алып баратын автобустардың жанында жарылған.

Жыл сайын Бағдадтың оңтүстігіндегі Кербала қаласында мыңдаған адам діни шараларға жиналып, 7-ғасырда қаза болған шиит мұсылмандарының ең ардақты тұлғаларының бірін еске алады.
XS
SM
MD
LG