Accessibility links

Иранда екі саяси белсенді дарға асылды


Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін Теһранда екі саяси белсенді дарға асылды. Қалалық прокурор кеңсесінің мәліметінше, Жафар Каземи мен Мохаммад Али Хажагай қуғындағы "Иран халықтық мужахеддині" оппозициялық тобымен байланысы үшін және 2009 жылғы президент сайлауынан кейінгі шерулерде тәртіпсіздік әрекетін жасағандықтан дарға асылған.

Өткен жылдың қаңтар айында аталмыш топтың тағы бір мүшесі мен ирандық диссидент сайлаудан кейінгі наразылық шарасына қатысқаны үшін өлтірілген еді.

Осыдан екі жыл бұрынғы даулы сайлауда президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған болатын.
XS
SM
MD
LG