Accessibility links

Брюссельде Каримовтың сапарына қарсы шеру өтіп жатыр


Бүгін Брюссельдегі Еуропа комиссиясы ғимараты жанында Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың сапарына қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосына Халықаралық дағдарыс тобының өкілі Эндрю Стролейн хабарлады.

Оның айтуынша, наразылық шарасына 20-ға жуық адам қатысқан. Араларында адам құқығын қорғаушы Мутабар Тәжібаева да бар. Наразылық танытушылар Әндіжан оқиғаларына қатысты әділеттік орнатылуын талап етуде.

Бүгін президент Ислам Каримов Еуропа Одағы мен НАТО-ның ресми өкілдерімен кездеседі.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG