Accessibility links

Каримов Еуропа комиссиясының президентімен кездесті


Бүгін Брюссельде Өзбекстан президенті Ислам Каримов Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозумен келіссөз өткізді. Сонымен қатар Каримов НАТО басшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесуі тиіс болатын.

Баррозудың кеңсесінің хабарлауынша, кездесу барысында энергетика саласындағы түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді. Сонымен қатар келіссөз барысында Баррозу адам құқықтары мен бостандықтарға қатысты Еуропаның алаңдап отырғанын айтқан. Өз кезегінде Каримов Өзбекстандағы демократиялық реформаларды дамытуға міндеттемесін білдірген.

Алайда Брюссельде баспасөз мәслихаты өткізілмеді.

Өзбекстанда адам құқықтарының жағдайы нашар деген сыншылар Батыс елдері ресми өкілдерінің Каримовпен кездесу жөніндегі шешімін айыптады.
XS
SM
MD
LG