Косово үкіметін қолдайтын батыс мемлекеттері осы елдің премьер-министрі Хашим Тачиге «ұйымдасқан қылмысқа қатысы болуы мүмкін» деген күдік келтіргені туралы британдық «Гардиан» газеті жазады.
Бұл жөнінде газет редакциясына түскен НАТО құжаттарынан белгілі болған. 2004 жылы жазылған құжаттарда Косово үкіметі жетекшісінің жақын серіктесі Джавит Халитидің ұйымдасқан қылмыспен тығыз байланыста екендігі айтылған.
Былтыр желтоқсан айында Еуропа кеңесінің баяндамасында Хашим Тачи 1990 жылдардың соңында Косовода есірткі контрабандасы және адам мүшелерін саудалаумен айналысқан ірі қылмыстық топты басқарғаны туралы айыптаулар айтылған еді.
Бұған дейін Косово үкіметі ондай айыптауларды жоққа шығарған болатын.