Accessibility links

Назарбаев «Домодедоводағы» жарылыста қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында болған жарылысқа байланысты Ресей президенті Дмитрий Медведевке көңіл айтып жеделхат жолдаған. Бұл туралы ақпарат бүгін Қазақстан президентінің ресми сайтында жарияланды.

«Домодедово» әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім. Қазақстан халқы және жеке өз атымнан сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Дүйсенбі күні Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында болған жарылыс салдарынан 35 адам қаза тапты. Жараланғандар туралы әзірше нақты дерек жоқ. Денсаулық және әлеуметтік даму комитеті – 135 адам десе, Төтенше қызмет министрлігі – 180 адам жараланған дейді. Жарақатпен ауруханаға жеткізілген 97 адамның 48-інің ауыр халде екені хабарланды.
XS
SM
MD
LG